Евразийский
центр Скорочтения

Занятия ведутся с 1995 года. Авторское право на скорочтение (свидетельство).

Колыбельная

«Әлди-әлди, ақ бөпем…» жаттығусы.

Тілді босаңсытып,мәтінді іштей еркін оқимыз.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағым,

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым!

Әлди-әлди, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жапанға біткен тірегім,

Жаман күнде керегім!

Қонақ келсе, қой, бөпем,

Қой тоқтысын сой, бөпем,

Құйрығына той, бөпем!

Айналайын, айымыз,

Алты қарын майымыз,

Жеті қарын жентіміз,

Алуа секер қантымыз.

Вверх